01.07.2013, 15:19 4003

Қарағанды облысында кавказ тұқымды ит жеті жасар қызды талап тастады

Қарағанды облысының Юбилейное ауылында кавказ овчаркасы жеті жасар қызды қауып өлтірген. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Абай аудандық прокуратурасы мәлімдеді.

Қарағанды. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында кавказ тұқымды ит жеті жасар қызды талап тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының Юбилейное ауылында кавказ овчаркасы жеті жасар қызды қауып өлтірген. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Абай аудандық прокуратурасы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға жексенбі күні кешкісін болған.

Қыз анасымен қонаққа барған. Анасы құрбысымен дастархан басында отырғанда, қыз аулаға шыққан да үйшіктегі иттің жанына барған. Байлауда тұрған ит қызды бас салып қауып алған.

Прокуратура мәліметі бойынша, зардап шеккен қыз мойын, бас, иық жарақатымен жедел аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда ол алған жарақатынан көз жұмды.

"Итті өлтіру мәселесін оның иесі шешеді, өйткені ит қызға шабуылдағанда байлаулы тұрған. Бұл жерде қызын қараусыз қалдырған ананың салғырттығы болып тұр", - дейді прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны