23.02.2010, 09:55 1221

Қарағанды облысында "Қазақмыс" кен орнында машинист мерт болды

Қарағанды облысында "Қазақмыс" кен орнында машинист мерт болды

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласындағы "Қазақмыс" кен орнында машинист мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 22 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғанцветмет" өндірістік бірлестігінің "Степной" кен орнында болған. "№67 шахтаның 140-шы горизонтындағы 1-ші конвейерлік учаскеде конвейердің жылжымалы таспасында машинист бункерге түсіп кетті. Соның салдарынан 33 жастағы әйел ауруханаға жеткізу барысында қаза тапты",- деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны