25.03.2007, 09:58 3114

Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының кен орнында жабын қабатының опырылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының кен орнында жабын қабатының опырылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 24-наурызда 21 сағат 30 минутта Анненский кен орнының №7 учаскесінде өндірістік жұмыстар кезінде жабын құлады. "37 жастағы кенші үйінді астында қалды. Ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды", деп хабарла йды баспасөз қызметі.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқан жігіттің мәйітін әскери тау-кен қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы 22 сағат 20 минутта шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны