07.02.2007, 10:30 2477

Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сәтпаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Степной" кенішінде 6-ақпанда 23 сағат 15 минутта №67 шахтада №2 учаскенің 28 жастағы электрлі дәнекерлеушісі жөндеу жұмыстары кезінде 380 метр биіктіктен құлап кетті. Ол жарақаттан оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны