28.12.2011, 12:49 3222

Қарағанды облысында көмір тиеген вагондар жолдан шығып кетті

"Сәрсенбі күні 01:02-де Шет ауданында 8-пикетте №2912 жүк пойызы вагондарының (№1688 электровоз "Екібастұз-Бұрындай" бағытында жылжыған) рельстен шығып кеткенігі жөнінде хабарлама келіп түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Қарағанды. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында көмір тиелген 24 вагон жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Сәрсенбі күні 01:02-де Шет ауданында 8-пикетте №2912 жүк пойызы вагондарының (№1688 электровоз "Екібастұз-Бұрындай" бағытында жылжыған) рельстен шығып кеткенігі жөнінде хабарлама келіп түсті", - делінген ведомство хабарламасында.

01:20 сағатта вагондар шығып кеткен орынға "Сұрыптау", Балқаш" пен "Сарышаған" бекеттерінен жөндеу-қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді. Сондай-ақ оқиға орнына облыстық ТЖД-ның шұғыл әрекет ету тобы мен әкімшілік өкілдері келіп жетті.

Есептік мәліметтерге сәйкес, сейсенбі күні сағат 22:53-те 1060 шақырымда (Қарағанды қаласынан 329 км) көмір тиелген 24 вагон рельстен шығып кетті (олардың ішінде 17-сі аударылып, 7-еуі жолдан шыққан).

Қазір жұп (жол ұзындығы нақтылану үстінде, 3 электр тіреуіші) және тақ жолдарды (70-80 м мен бір электр тіреуіш) қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Соның салдарынан басқа пойыздар (11 жолаушы және 17 жүк пойыздары) қозғалыс кестесінен қалып қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны