11.02.2011, 17:17 3470

Қарағанды облысында көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан екі бала мен олардың анасы мерт болды

Қарағанды облысында көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан екі бала мен олардың анасы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан екі бала мен олардың анасы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде болған өрт салдарынан 32 жастағы әйел мен оның 9 және 3 жастағы екі баласы қаза тапқан.

"Бүгін түнде Абай қаласындағы 2 шағынауданда орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған өртті сөндіру барысында 32 жастағы әйел мен оның 9 жасар қызы және 3 жасар ұлының денелері табылды. Газбен уланған үш көрші ауруханаға жеткізілді", - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі. Оқиғаға байланысты үйде тұратын 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау темекі қалдығынан болған. Облыстық ІІД ақпаратына сүйенсек, осы факт тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны