20.02.2007, 11:31 2635

Қарағанды облысында күн райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды; жолдар жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Қарағанды облысында аяз бен боранға байланысты мектептерде 1-8 сыныптардың сабағы тоқтатылды, деп Kazakhstan Today тілшісіне облыстық білім беру бөлімінен хабарлады.

Сондай-ақ, жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, жолдардың көрінбеуіне және қар басып қалуға байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жабылды. "Кешеден бері жолдарды қар басып қалуға байланысты Қарағанды мен Теміртау маңындағы елдімекендерде машиналар жиналып қалды. Тек Спасск ауылының маңында 70-тен астам, Покорное елдімекемінің маңында 40-тай, Осакаровка ауданының маңында тағы осынша машина бөгеліп қалған",- деп хабарлайды жол полициясы бақармасы.

Адамдарды қар құрсаудан шығару үшін жол полициясы қызметкерлерінен жеті топ жасақталды. Тәртіп сақшылары 134 адамды, соның ішінде қарттар мен балаларды таяу елдімекендерге жеткізді. "Қар құрсауында қалғандардың арасында екіқабат әйел де болған, оның толғағы басталған",- деп хабарлайды полиция.

"Қазір ахуал күрделі күйінде қалып отыр, техниканы қар құрсаудан шығару жұмыстары жалғасуда",- деп хабарлады басқармадағылар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, "бір қуанарлығы, күн райының тосын мінезінен құрбан болғандар жоқ".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны