14.04.2008, 18:35 3285

Қарағанды облысында күн суытатындығы ескертілді

Қарағанды облысында күн суытатындығы ескертілді

Қарағанды. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында күн суытатындығы ескертілді , деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек (РМК), Қарағанды облысының аумағында 2008 жылдың 16-17 сәуір аралығында қар жауып, секундына 15-20 метрге соғатын солтүстік жел күшейіп, ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендейді. Солтүстіктің кейбір аудандарында 18 градусқа дейін суық болады.

Тұрғындарға ауа температурасының өзгеруін мұқият бақылап, күн райының нашарлауына орай жылы киініп жүруге кеңес берілді.

Кәсіпорын басшылығына бұл ескертуді барлық қызметкерлерге жеткізу міндеттелді, деп хабарлады департамент қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны