01.12.2009, 16:37 3991

Қарағанды облысында Мойынты бекетінің әскерилендірілген теміржол күзетінің бастығы өлтірілді

Қарағанды облысында Мойынты бекетінің әскерилендірілген теміржол күзетінің бастығы өлтірілді

Қарағанды. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында Мойынты бекетінің әскерилендірілген теміржол күзетінің бастығы өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мойынты бекетінің әскерилендірілген теміржол күзетінің 40 жастағы бастығы тұрған үйді тексерген кезде 12-ші калибрлі аңшы мылтығы мен атылған гильза табылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мойынты бекетінің әскерилендірілген теміржол күзетінің бастығын өлтіргенін оның өз әйелі мойындаған. Оның айтуынша, ол жұбайын басынан атып жіберген. Оқиғаға отбасындағы керіс- жаңжал себеп болған. Қазіргі жағдаймен 35 жастағы әйел қамауға алынды.

Күзет бастығының кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны