29.06.2011, 18:35 3362

Қарағанды облысында найзағай соғып 10 жасар қыз бала қайтыс болды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында найзағай шарпып, 10 жастағы қыз бала қайтыс болған.

Қарағанды. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 10 жастағы қыз бала найзағай соққысынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында найзағай шарпып, 10 жастағы қыз бала қайтыс болған.

Найзағай кезінде 10 жастағы екі қыз бала ашық аспан астында қалып қойған. Найзағай соғуының нәтижесінде олардың бірі оқиға орынында қаза тапты. Екіншісі Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы бірқалыпты ауыр.

"Найзағай кезінде ашық аспан астында жүруге болмайды. Бұл аса қауіпті", - деп атап көрсетті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны