18.09.2006, 17:53 2664

Қарағанды облысында өндірісте алты адамның қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысы Бұхар жырау аудандық соты өндірісте алты адамның қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Күзбақов баспасөз мәслихатында хабарлады.

15-қыркүйекте Қарағанды облысының Дубовка кентінде ағызынды сулар бункеріндегі жұмыс барысында алты адам улы будан уланып, төртеу оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жатқызылған болатын.

Н.Күзбақовтың айтуынша, Қарағанды ауруханасында артынан зардап шеккен екі адам да көз жұмды.

Қаза тапқандар "Ақнар" ЖШС-іне қарасты "Волынский" агроөнеркәсіптік кешенінің қызметкері болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны