12.02.2008, 10:40 1209

Қарағанды облысында орын алған өндірістік апаттан бір адам мерт болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында орын алған өндірістік апаттан бір адам мерт болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Алматы. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында орын алған өндірістік апаттан бір адам мерт болып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайда агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтері бойынша, 11 ақпанда Теміртау қаласында сағат 9.45 минутта "Арселор Миттал Теміртау" АҚ №3 прокат цехында қақтаушы шламдық құдықты тазалау кезінде 10 метрлік тереңдікке құлап кеткен. Зардап шеккен ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 11 ақпанда Балхаш қаласында сағат 10.45 минутта Балхаш ТЭЦ - көмір қоймасында бульдозердің артқы қозғалысының ықтиярсыз қосылғанынан жыланбауырдың астына машинист түсіп кеткен. Алған жарақаттардан ол оқиға орнында қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны