26.12.2007, 18:36 3167

Қарағанды облысында осы түнде дизель отынымен жүретін көліктердің шығуына тыйым салынуы мүмкін

Қарағанды облысында осы түнде дизель отынымен жүретін көліктердің шығуына тыйым салынуы мүмкін

Қарағанды. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 26 - 27 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендесе, онда алыс жолдарға шығатын көліктердің жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы агенттік тілшісіне жол полициясының басқармасы (ЖПБ) хабарлады.

"Бұл дизель отынымен жұмыс істейтін автобустарға, жеңіл және жүк көліктеріне қатысты", - деп атап кетті ЖПБ облыстық баспасөз қызметінің қызметкері Наталья Сунайт. "Тіпті қысқы солярка қолданылғанның өзінде қатты аязда ол қатып қалады. Яғни, адамдар түнде жолда қалып, оларға көмек көрсетілмеуі мүмкін ", -деді ол.

"Біқ Астананың ЖПБ телефон шалып, олар тарапынан Қарағанды бағытында жүретін қозғалыстарға шектеу жасайтыны жөнінде уағдаластық ", - деді Н. Сунайт.

Мұндай шектеулер кеше 25-26 желтоқсанға қараған түні қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны