21.04.2010, 14:27 2950

Қарағанды облысында өткен жылдың қарашасында жоғалып кеткен екі баланың мәйіті су қоймасы еріген кезде табылды

Қарағанды облысында өткен жылдың қарашасында жоғалып кеткен екі баланың мәйіті су қоймасы еріген кезде табылды

Қарағанды. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында өткен жылдың қарашасында жоғалып кеткен екі баланың мәйіті су қоймасы еріген кезде табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 сәуірде сағат 11.00-де Бұхар Жырау ауданының Красная Нива ауылынан 3 шақырым жердегі су қоймасынан осы ауылда тұрған 10 және 14 жасар ұл балалардың мәйіттері табылды. Олар 2009 жылдың 8 қарашасында сағат 17.30-да үйлерінен шығып кеткен бойда күні бүгінге дейін оралмаған болатын. Олар бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендердің санатында болды. Балалардың мәйіттері сот-медициналық сараптама үшін мәйітханаға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны