14.05.2012, 15:51 3179

Қарағанды облысында полицейлер мен ҰҚТ мүшелерінің арасында атыс болды

Қарағанды облысында қарулы қақтығыс болып, нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті, деп хабарлайды Облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында полицейлер мен ҰҚТ мүшелерінің арасында атыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысында қарулы қақтығыс болып, нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті, деп хабарлайды Облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен.

"12 мамыр күні сағат 17-00 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының "Приозерск -Сарышаған" тасжолы бойында "Тойота Цептер" көлігінің жүргізушісі ІІБ қызметкерлерінің тоқта деген белгісіне қарамай, олардың көлігін қағып кетіп, із суытпақ болған.

"Тойота Цептер" көлігіндегілер ІІБ қызметкерлеріне оқ жаудырды, деп хабарлады полициядан.

Күдіктілерді қолға түсіру үшін Қарағанды облысының "Арлан" арнайы жасағының мамандары 7 мәрте оқ атқан. Осы шаралардың нәтижесінде Сарышаған кентінің Бәйтерек көшесіндегі үйдің маңынан олар қолға түсті.

"Тойота-Цептер" автокөлігінің ішінде 1987, 1980, 1991 және 1985 жылы туған жігіттер болды. Оның екеуі ағайындылар. Күдіктілер Сарышаған кенті мен Приозерск қаласының тұрғындары.

Полицейлердің табельдік қаруынан 1980 және 1985 туған жігіттер бөксе тұсы мен бастарынан жарланып, ауруханаға жеткізілді. Оларға күзет қойылған. Қалған екеуі уақытша тергеу абақтысында отыр.

Күдіктілердің көлігінен 3 шолақ мылтық, 9 мм калибрлі 20 патрон мен шолақ мылтықтың түрлі калибрлі оқ дәрілері табылды. Прокуратура "Арлан" мамандарының табельді қаруды қолдануын заңды деп тапты. Қазір тергеу амалары жүргізілуде", - деп қортындылады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны