24.09.2010, 15:29 3089

Қарағанды облысында полиция қызметкері қағып кеткен велосипедші қайтыс болды

Қарағанды облысында полиция қызметкері қағып кеткен велосипедші қайтыс болды

Қарағанды. 24 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында полиция қызметкері қағып кеткен велосипедші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының ІІБ Жол полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Көлік апаты қыркүйектің 22-сі күні сағат 1 шамасында "Қарағанды-Шахтинск" тас жолында болған. "Фольксваген-Пассат" көлігін жүргізіп келе жатқан 36 жасар сержант шайтанарбамен келе жатқан 18 жастағы жігітті қағып кеткен. Соның салдарынан Шахтинскнің тұрғыны оқиға орнында мерт болған",- деп хабарлады басқармадан.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қарағанды облысының ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің бастығы Дәулет Ысқақовтың хабарлауынша, қазіргі уақытта велосипедшіні қағып кеткен полиция қызметкері өз еркімен қызметінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны