08.09.2008, 10:52 1308

Қарағанды облысында шахтаның шатыры құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында шахтаның шатыры құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында шахтаның шатыры құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 6 қыркүйекте 7 сағат 18 минутта "Батыр" ЖШС шахтасының 6 горизонтында К12-3 желдеткіш штрекінің қазба бөлімінде күтпеген жерден шатыр опырылды. "Соның салдарынан тау-кен жұмыстары машинасының машинисі үйіндінің астында қалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны