08.10.2008, 18:30 3402

Қарағанды облысында Шет аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің бастығы жол апатынан қаза тапты

Қарағанды облысында Шет аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің бастығы жол апатынан қаза тапты

Қарағанды. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында Шет аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің бастығы Ұлан Ыбыраев жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол апаты 5 қазанда сағат 08.00-де Ақой - Ақтоғай тас жолында Ақсу-Аюлы ауылынан 40 шақырым жерде болған. Ұлан Ыбыраев "Мерседес-Бенц 230" көлігімен Шет ауданының Жарық станциясынан Ақсу-Аюлы ауылына бет алған жолда Қармыс ауылының маңында көліктің алдыңғы дөңгелегі босап қалу салдарынан тізгінді басқара алмай, көлігін аударып алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны