26.01.2010, 18:08 5266

Қарағанды облысында студенттер арасындағы атыс салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында студенттер арасындағы атыс салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

Қарағанды. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында студенттер арасындағы атыс салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды Мемлекеттік университеті, Астана Қаржы академиясы мен Қарағанды Экономикалық университетінің студенттері Атасу кентінде өзара қару қолдана отырып, атыс ұйымдастырды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, соның салдарынан 23 жастағы екі студент жабық бас -ми жарақаты, ми шайқалуы, бастан жарақаттану, сол аяғы сыну, шап тұсынан оқ тию секілді диагноздармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

"Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлері төрт студентті ұстады, олар қылмысты мойындады", - деп хабарлайды полициядағылар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдіктілердің бірінен тінту кезінде ТОЗ-2116 тегіс оқпанды аңшы мылтығы; тегіс оқпанды ТОЗ-2116 аңшы мылтығының ИЖ-17 моделі; газ тапаншасы; 16-шы калибрлі тегіс оқпанды аңшы мылтығынан жасалған шолық мылтық; 28-ші калибрлі аңшылық оқтарымен атуға оңтайландырып өзгертілген қосатардан жасалған шолақ мылтық секілді қарулар тәркіленді. Бұған қоса күдіктіден Ф-1 гранатасына ұқсас зат; 9 миллиметрлік калибрі бар 32 оқ, 16-шы калибрлі 2 оқ пен 28-ші калибрлі 4 оқ шықты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілердің әрекеті кісі өлтіруге талыныс жасау деп бағаланып отыр. Қазір атыс оқиғасына қатысқан басқа да адамдарды іздестіруге бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны