03.07.2006, 09:53 2504

Қарағанды облысында тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынынан 500 килограмм марихуана мен 3 килограмм гашиш тәркіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының тұрғынынан 500 килограмм марихуана мен 3 килограмм гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында Курминка ауылынан 1 шақырым жерде тәртіп сақшылары көкөніс тиелген “ГАЗ-53” автокөлігін ұстады. Иісшіл иттің көмегімен марихуана салынған 18 полимер дорба мен скотчпен оралған, ішінде гашишы бар бума табылды.

Автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы ұсталды. Екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Күдіктілер уақытша тергеу қапасына қамалды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны