27.02.2007, 10:57 2856

Қарағанды облысында темір жолдағы апаттардың салдарынан тоқтап қалған поездардың қозғалысы қалпына келтірілді - төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында темір жолдағы апаттардың салдарынан тоқтап қалған поездардың қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Дүйсенбі күні сағат 16 -дағы жағдаймен поездардың қозғалысы екі бағытта да қалпына келтірілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Зардап шеккендер Қарағанды ауруханасына жатқызылды. №10 поездың жолаушылары Ағадыр бекетіне жеткізілді, онда қайтадан құрастырылған құрам 18 сағат 15 минутта жолға шықты",- деді ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен дүйсенбіде күн райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында темір жолда екі бірдей атап шықты. Мәселен, 4 сағат 44 минутта Астана-Алматы бағытындағы №10 жолаушылар поезы қар тазартушымен соғысты. Апат салдарынан екі вагон шойын жолдан шығып кетті.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, барлығы жеті адам зардап шеккен. Мәселен, қар тазартушы поездың машинисі "екі жіліншіктің бірдей сынуы, қан ағу және гемморрагиялық шок" деген диагнозбен ауруханаға жеткізілсе, жолаушылар поезының жолсерігі "аяқтың зақымдануы, жіліншік сыну, жарақаттан болған шок" деген диагнозбен, ал жолаушы - "көк бауырдың үзілуі, бел жарақаты" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Тағы төрт жолаушыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

Екінші апат осыдан төрт сағат бұрын болды. Мойынты-Киік өткелінде Балхаш пен Қарағанды арасында қатынайтын №605 жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды. Министрлік ақпаратына сәйкес, апатты жағдайға пантографтың сынуы себеп болған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бұл оқиғада болған жоқ.

Аталған апаттарға байланысты жолаушылар тасымалдайтын тоғыз поездың қозғалысы тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны