26.09.2007, 13:43 2963

Қарағанды облысында тергеу бөлімі бастығының орынбасары өлтірілді

Қарағанды облысында тергеу бөлімі бастығының орынбасары өлтірілді

Қарағанды. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында Шахтинск қаласының тергеу бөлімі бастығының орынбасары өлтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қайғылы оқиға 24-қыркүйекте болған. 30 жасар полиция майоры - тергеу бөлімі бастығының орынбасары қала кафелерінің бірінде демалып жүрген. Сондай-ақ осы жерде криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкері, 30 жасар сержант та болған",- деп хабарлады облыстың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Олардың арасында туындаған дау-жанжал төбелеске ұласқан, төбелес салдарынан майор ауыр жарақаттармен Шахтинск ауруханасына жеткізілген. Есін жимаған бөлім бастығының орынбасары таңғы сағат 4-те қайтыс болды.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Базарбек Құлтаевтің хабарлауынша, "қазіргі уақытта сержат тұтқындалып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабының 3-тармағы бойынша (қасақана адам денсаулығына зиян келтіру салдарынан өлімге әкеп соқтару) қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстар жүргізіліп жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны