13.07.2009, 16:41 3016

Қарағанды облысында тікұшақтың құлау себептерін арнаулы комиссия тексереді

Қарағанды облысында тікұшақтың құлау себептерін арнаулы комиссия тексереді

Қарағанды. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында тікұшақтың құлау себептерін арнаулы комиссия тексереді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Насретдин Балтынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Н. Балтыновтың хабарлауынша, АҚШ-та 2004 жылы шығарылған, "Аспан" АҚ-ына тиесілі "MD-600" тікұшағының құлау себептерін тексеру үшін арнаулы комиссия құрылады.

"Тікұшақ 100 метр биіктіктен құлаған, одан кейін ол инерция заңдылығы бойынша 127 метрге сүйретілген. Соның салдарынан пропеллер құлағы мен оң жақ лыжасы сынған. Оқыс оқиға Қарқаралы қаласынан 30 шақырым жерде, Ақтерек елдімекенінен 12 шақырымда, Қасым Аманжолов атындағы ауылдық округ аумағында болған", - деді Н. Балтынов.

Оның айтуынша, апат жайлы бір ұшқыш ұялы телефон арқылы хабарлаған.

Н. Балтыновтың айтуынша, апат кезінде тікұшақта екі орманшы мен екі ұшқыш, барлығы 4 адам болған. Апат салдарынан 25 жастағы ұшқыш Е.Ибдірахманов пен 44 жастағы орманшы Н.Аманбаев зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен Қарқаралы аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде оларға дәрігерлік көмек көрсетілген, кейін олар Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны