23.09.2008, 17:08 2807

Қарағанды облысында төрт жасар бала трактордың астына түсіп қаза тапты

Қарағанды облысында төрт жасар бала трактордың астына түсіп қаза тапты

Қарағанды. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында төрт жасар бала трактордың астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-іне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Қарқаралы қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан "Қотыр" қыстағында болған.

Қараусыз тұрған Т-16 дөңгелекті тракторы ылдиға қарай жүріп кетіп, қыстақ маңында ашық алаңқайда ойнап отырған төрт жасар баланы басып өткен. Бала жарақаттан оқиға орнында қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны