17.08.2010, 12:52 3068

Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан бір қарт әйел мерт болды

Қарағанды облысында жеке тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан бір қарт әйел мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жеке тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан бір қарт әйел мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше сағат 07.52 Қарағанды облысының Сарышаған аулында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Тілсіз 40 шаршы метрді шарпыған.

Өрт сөндіру кезінде 74 жасар әйелдің денесі табылған.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны