24.01.2007, 10:25 2569

Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме мәліметтерінше, өрт Қаражал қаласында екі қабатты, сегіз пәтерлі үйде 23-қаңтарда 14 сағат 21 минутта шыққан. 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрттті сөндірген кезде 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны