24.08.2006, 10:32 2926

Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан отарбалардың қозғалысы 6 сағатқа доғарылды

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан отарбалардың қозғалысы 6 сағатқа доғарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

23-тамыз күні 14 сағат 15 минутта Шет ауданының Жарық темір жол бекетінде №3205 жүк отарбасының қосалқы бөлшектер тиелген бір платформасы мен көмір тиелген екі вагоны шойын жолдан шығып кетті. Апат салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Солтүстік бағытта темір жол қозғалысы үзілді, деп хабарлайды министрлік.

Апаттың зардаптары Қарағанды мен Жаңаарқадан келген қалпына келтіруші отарбаның көмегімен жойылды. "20 сағат 30 минутта жолаушылар тасымалдайтын отарбалардың қозғалысы жолдың бір тармағымен екі бағытта да қайта жанданды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны