30.10.2009, 10:25 1430

Қарағанды облысында жер үйдегі өрттің салдарынан екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында жер үйдегі өрттің салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 30 қазан. kazakhstan Today - Қарағанды облысында жер үйдегі өрттің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қала үлгісіндегі Ақтас кентінде 29 қазанда сағат 21.07-де Первомайская көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйде 8 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 22 сағат 07 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны