05.07.2006, 12:00 3027

Қарағанды облысында жол апатынан алдын-ала мәлімет бойынша 14 адам қаза тауып, тоғызы жараланды – төтенше жағдайлар департаменті

ҚАРАҒАНДЫ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан алдын-ала мәлімет бойынша 14 адам қаза тауып, тоғызы жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Апат бүгін таңертең 5 сағат 30 минутта Шет ауданында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, Алматы-Астана тас жолының 885-ші шақырымында Алматыдан Павлодарға келе жатқан жолаушы тасымалдайтын “Вольво” автобусы мен “МАН” жүк көлігі соқтығысып қалған. Департамент ақпаратына сәйкес, жол апатынан 14 адам қаза тауып, тоғызы жараланды.

Ал облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағанындай, апат құрбандарының саны қазіргі жағдаймен 15-ке жетті. Зардап шеккен 11 адам ауруханада жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны