26.04.2013, 16:04 3677

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болды

"25 сәуір күні Осакаровск ауданы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде "Қарағанды-Павлодар" тас жолында "МAN" жүк көлігінің жүргізушісі 27 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қарсы бетке шығып кетіп, 23 жастағы Екібастұз тұрғыны басқарған "ГАЗ 33021212" машинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қос темір тұлпар да отқа оранды. "ГАЗ 33021212" көлігінен 50 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты", деп жазылған хабарламада.

Қарағанды. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Қарағанды-Павлодар" тас жолында "МAN" жүк көлігі мен "ГАЗ 33021212" жеңіл машина соқтығысып, өртенген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында бір адам ажал құшқан, екеуі ауруханаға жеткізілген.

"25 сәуір күні Осакаровск ауданы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде "Қарағанды-Павлодар" тас жолында "МAN" жүк көлігінің жүргізушісі 27 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қарсы бетке шығып кетіп, 23 жастағы Екібастұз тұрғыны басқарған "ГАЗ 33021212" машинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қос темір тұлпар да отқа оранды. "ГАЗ 33021212" көлігінен 50 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты", деп жазылған хабарламада.

"ГАЗ 33021212" көлігінің жүргізушісі және оның 57 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Қарағанды облыстық қалалық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны