28.03.2011, 15:26 3864

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылып, жолаушылар зардап шекті

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылып, жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылып, жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында "Мерседес" шағын автобусының аударылып, соның салдарынан 3 жолаушы, оның ішінде бір жеткіншек зардап шеккен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апаты "Алматы-Екатеринбург" тасжолының 608-ші шақырымындағы Ақтоғай ауданының маңында жексенбі күні таңғы сағат алты шамасында болған. "Оқиға орнынан түрлі дене жарақаттарымен Балқаш қаласының ауруханасына үш жолаушы - 17 жастағы екі жігіт пен 14 жасар бір жеткіншек жеткізілді", - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны