26.02.2007, 11:06 1281

Қарағанды облысында жолаушылар поезы қар тазартушымен соғысты; екі адам жараланды

ҚАРАҒАНДЫ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар поезы қар тазартушы составпен соғысты; екі адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Оқыс оқиға бүгін 4 сағатта Нілді станциясының маңында болған. Поездардың соғысуы салдарынан жолаушылар поезының №5 және №12 вагондары шойын жолдан шығып ктеті.

Жолаушылар арасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қар тазартушы поездың машинисі мен жолаушылар поезының жолсерігі жараланған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір жолаушылар көшірілді. Поездардың қозғалысы қалпына келтірілді, апаттың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Қарағанды темір жолында айналасы бірнеше сағатта болған екінші апат. 26-ақпанда 00 сағат 38 минутта Балхаш-Қарағанды бағытындағы №605 жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды. Поезды тоқтатуға пантографтың сынуы себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны