02.12.2010, 15:12 3744

Қарағанды облысында жүк поезінің вагондары рельстен шығып кетті - ТЖМ

Қарағанды облысында жүк поезінің вагондары рельстен шығып кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 2 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жүк поезінің вагондары рельстен шығып кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылдың 1-желтоқсанын күні сағат 19.15 Қарағанды облысының Көктем станциясында Ағадыр - Сарышаған бағытында жүріп бара жатқан № 2209 жүк поезінің 5 вагоны рельстен шығып кеткен.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат жолаушылар поезінің қозғалысына әсер еткен жоқ. ТЖ салдарын жоюға жөндау бригадасының 30 адамы мен Сарышаған станциясының қалпына келтіру поезі жұмылдырылған",- деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны