30.12.2010, 13:35 3292

Қарағанды облысында жүк вагонының жолдан шығып кетуінің салдарынан жолаушылар пойызының кестесі бұзылды

Қарағанды облысында жүк вагонының жолдан шығып кетуінің салдарынан жолаушылар пойызының кестесі бұзылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жүк вагонының жолдан шығып кетуінің салдарынан жолаушылар пойызының кестесі бұзылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасө қызметініңхабарлауынша, 29 желтоқсан күні сағат 21.47 Қарағанды облысы Қарабас-Қарағанөзек стансысында құрылыс заттары тиелген жүк вагоны жолдан шығып кетіп, соның салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы кестелерінен кешіккен.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, "Достық-Астана" бағытында бет алған №3457 жүк құрамына барлығы 28 вагон тіркеулі болған. Құрбандар болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ "Астана-Алматы" бағытындағы №2 (испан) пойыз үш сағатқа, №10 пойыз - екі сағатқа және №36 пойыз 17 минутқа кестесінен кешікті.

Түнгі сағат екіде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны