17.05.2010, 09:28 1270

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал" компаниясы шахтасының жұмысы тоқтатылды

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал" компаниясы шахтасының жұмысы тоқтатылды

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында көміртегі тотығының концентрациясы көтерілуге байланысты шахтаның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"560 метрлік тереңдікте көміртегі тотығының концентрациясы 0,1 - 0,2%-ға көтерілді. Шахтада барлығы 162 адам болған, 2010 жылдың 16 мамырында сағат 01.15-те кеншілер эвакуацияланды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдайды жоюға "Көмір" РМКК тиесілі 50 адам мен 13 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны