18.05.2010, 09:34 1210

Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында жұмыс қайта жанданды

Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында жұмыс қайта жанданды

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында жұмыс қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2010 жылдың 17 мамырындағы сағат 22.00-дегі жағдаймен демонтаж камерасын оқшаулау шаралары толық аяқталды. Жарылысқа төзімді екі гипс маңдайша орталды. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Қарағанды облысындағы "АрселорМитталТеміртау" компаниясының Күзембаев атындағы шахтасында көміртегі тотығының концентрациясы көтерілуге байланысты шахтаның жұмысы тоқтатылды.

"560 метрлік тереңдікте көміртегі тотығының концентрациясы 0,1 - 0,2%-ға көтерілді. Шахтада барлығы 162 адам болған, 2010 жылдың 16 мамырында сағат 01.15-те кеншілер эвакуацияланды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдайды жоюға "Көмір" РМКК тиесілі 50 адам мен 13 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны