24.01.2012, 10:31 3136

Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде кітапхана өртенді

23-қаңтар күні Қарағанды облысының Жезді кентінде орналасқан "Мәденет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ кітапханасының ғимараты өртеніп кетті.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде кітапхана өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-қаңтар күні Қарағанды облысының Жезді кентінде орналасқан "Мәденет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ кітапханасының ғимараты өртеніп кетті.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 4 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД жеке құрамының 18 маманы мен өрт сөндіру қызметінің 3 бірлік техникасі жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны