29.06.2009, 11:03 1169

Қарағанды облысындағы "Тентек" шахтасында үш кеншінің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысындағы "Тентек" шахтасында үш кеншінің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы "Тентек" шахтасында үш кеншінің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шахтинск қалалық прокуратурасы Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының "Тентек" шахтасында үш кеншінің қаза табу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 245-ші бабының 2-тармағы (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртаудың" "Тентек" шахтасында газ шығу салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының "Тентек" шахтасында 28 маусымда сағат 23.14-те "Конвейерный штрек 193 Д6-Ю" дайындық ұңғымасында кенеттен көмір мен газ атқылады. Апат болған сәтте шахтада 94 адам болған, оның төртеуі апат шыққан ұңғымада болған. Осы төрт адамнан зардап шеккен 27 жастағы машинист пен қаза тапқан екі кеншінің, 31 мен 25 жастағы екі жігіттің мәйіттері табылды.

"28 маусымда сағат 23.15-те ҚР ТЖМ-нің топтары оқиға орнына келіп құтқару жұмыстарын бастады. Екі бөлімше апат шыққан ұңғыманы барлаумен және зардап шеккен адамды іздестірумен шұғылданып жатса, енді бір бөлімше резервте болды. 29 маусымдағы сағат 00.10-да шахтаға қосымша 2 бөлімше шақырылды. Сағат 01.30-да 90 адам сыртқа шығарылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

29 маусымдағы сағат 04.26-да құтқару қызметінің бөлімшесі конвейер таспасының астынан тағы бір қаза тапқан адамды тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны