01.12.2011, 10:31 2926

Қарағанды облысындағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 3 адам көз жұмды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы жер үйлердің бірінде болған өртті сөндіру барысында жанып кеткен 3 адамның мәйіті табылды, олардың жынысы мен тұлғалары анықталу үстінде.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауыша, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы жер үйлердің бірінде болған өртті сөндіру барысында жанып кеткен 3 адамның мәйіті табылды, олардың жынысы мен тұлғалары анықталу үстінде.

Өрт 1 желтоқсан күні, түнгі сағат екі шамасында Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде болған. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен екі сағатта ауыздықталды.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны