25.01.2012, 10:38 3168

Қарағанды облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды

Қарағанды облысының Саран қаласындағы Фурманов көшесінде орналасқан жер үйде шыққан өртті сөндіру кезінде 84 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылған.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Саран қаласындағы Фурманов көшесінде орналасқан жер үйде шыққан өртті сөндіру кезінде 84 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 26 маманы мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Алматы облысының Қараой кентінде жеке тұрғын үйде шыққан өрт тағы бір қарттың өмірін жалмаған. 24 қаңтар күні Алматы облысы, Іле ауданының Қараой ауылында 9 мамыр көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болды. Оның аумағы 40 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіру кезінде 1935 жылы туған зейнеткер әйелдің мәйіті табылды.

Өртті жоюға ҚР ТЖМ-нің Алматы облысындағы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны