01.10.2008, 09:52 1171

Қарағанды облысының Көксу ауылында жер үйдегі өрт салдарынан екі бала қаза тапты

Қарағанды облысының Көксу ауылында жер үйдегі өрт салдарынан екі бала қаза тапты

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Көксу ауылында жер үйдегі өрт салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Абай ауданының Көксу ауылындағы Октябрьская көшесінде екі бөлмелі жер үйде 30 қыркүйекте сағат 16.06-да 20 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

Өрт салдарынан алты және бір жастағы бала қаза тапты. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 16 адамының күшімен 17 сағат 38 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны