02.06.2008, 11:16 1345

Қарағанды облысының "Тентек" шахтасындағы оқиға бақылауға алынды - Нығматуллин

Қарағанды облысының "Тентек" шахтасындағы оқиға бақылауға алынды - Нығматуллин

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының "Тентек" шахтасындағы оқиға бақылауға алынды. Жер астында қалған бес кеншіні құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық жиналысы кезінде Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Құтқару жұмыстары күрделеніп отыр, кеншілерге жету жолы 70-80 метрлік көмірмен жабылып қалған", -деді ол.

Н. Нығматуллин атап өткеніндей, " шахтата от жоқ, шахта жанып жатқан жоқ".

Алдын ала мәліметтер бойынша төтенше жағдай "жер қатпарларының газдық динамикалық қозғалысынан пайда болған. Сыртқа шығару жұмыстары жүргізілген забойда болған". "Қазір біз сыртқы шығарылған және жер астында қалған шахтерлердің отбасыларымен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың біреуі де жарақат алған жоқ, көмек сұраған ешкім жоқ ", -деді Қарағанды облысының әкімі.

Премьер-министр К. Мәсімов ТЖ министрі Владимир Божконың басшылығымен ведомствоаралық комиссияны құрып, оқиға орнына баруды тапсырды. Облыс әкіміне бұл жағдайды бақылауға алып, шахтада қалған кеншілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны