06.02.2007, 14:29 3151

Қарағанды орталығындағы полиция бөлімшесіне жасалмақ болған ұрлықтың жолы кесілді

ҚАРАҒАНДЫ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды орталығында ақпынның 5-нен 6-на қараған түні полиция бөлімшесіне жасалмақ болған ұрлықтың жолы кесілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қаланың ІІБ баспасөз қызметінен.

"Түнгі сағат екілер шамасында бейтаныс еркек пен әйел Лобода көшесінде орналасқан полиция бөлімшесінің желдеткішін сындырып, ішке кірген. Осы маңайдан өтіп бара жатқан жүргінші адамдардың желдеткіштен кіріп жатқанын көріп қалып, полицияға хабар берген",- деді баспасөз қызметінен.

Аталған жерге келген полиция отряды күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. "Күдіктілер принтер, сканер және көшірме аппаратын ұрламақ болған. Олар осының бәрін алып кетуге дайындап үлгерген",- деп хабарлады ІІБ.

Жауап алу барысында екеуінің де нашақор екендіктері анықталды.

Қазіргі уақытта полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. ІІБ басшылары қылмыскерлерді ұстауға көмек көрсеткен адамды құнды сыйлықпен марапаттауға уәде беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны