11.10.2011, 09:38 3292

Қарағанды полицейлері өзіне өзі қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды

"Бейнебақылау камерасының операторы вокзал маңы алаңын шолу кезінде көпірдің жиегінде мұңайып отырған қызды байқайды. Ол көп кешікпей осы жерге қаланың кезекші полицейлерін жібереді. Полицейлер келер қарсаңда қыз көпірдің қоршауынан өтіп, секіруге дайындалып тұр екен", - делінген таратылған хабарламада.

Қарағанды. 11-қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды полицейлері өзіне өзі қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда полицейлер 27 жасар қыздың өзіне-өзі қол жұмсауынан құтқарып қалған. Бұл туралы аймақтың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бейнебақылау камерасының операторы вокзал маңы алаңын шолу кезінде көпірдің жиегінде мұңайып отырған қызды байқайды. Ол көп кешікпей осы жерге қаланың кезекші полицейлерін жібереді. Полицейлер келер қарсаңда қыз көпірдің қоршауынан өтіп, секіруге дайындалып тұр екен", - делінген таратылған хабарламада.

Дәл уақытында жеткен тәртіп сақшылары қызды қолынан шап беріп ұстап, қайтадан көпірдің үстіне көтеріп шығарады. Сөйтіп, өлімнен алып қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны