08.02.2011, 15:16 4296

Қарағанды тұрғыны өзінің төрт жасар ұлын өлтіріп, артынша өз өміріне қол салған

Қарағанды тұрғыны өзінің төрт жасар ұлын өлтіріп, артынша өз өміріне қол салған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды тұрғыны өзінің төрт жасар ұлын өлтіріп, артынша өз өміріне қол салған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды қаласының тұрғыны жұмыс берушісі жарты миллионнан аса теңгені ұрлады деп айыптағаннан кейін өзінің төрт жасар ұлын өлтіріп, артынша өзі асылып өлген, деп хабарлады Қарағанды облысы Октябрь аудандық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, 26 жастағы Елена Шамаева баласын капрон жіппен асып, жанына өзі асылған.

олардың өлі денелерін Еленаның күйеуі дүйсенбі шамамен сағат 15.00 үйіне келгенде көрген. Келген бойы үйдің маңындағы дүкенге көмекке жүгірген, бірақ сәби мен әйелдің өміріне араша бола алмаған.

Ийел осы іске барар алдындағы хат қалдырған. Біреуін ол туыстарына жазып, өзінің өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Сондай-ақ, ұлы Русланды әкететінін түсіндірген. Екінші хатты ол қала базарларының біріндегі өзі жұмыс істеген контейнердің иесіне жолдаған. Контейнер иесі 600 000 көлемінде ақшаның кем шығуына байланысты шағым келтірген. Шамаева өлім алды хатында ештеңе ұрламағандығын түсіндірген.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны