10.06.2009, 09:39 1117

Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Абай ауданында Қарағанды- Шахтинск тас жолының 25-ші шақырымында 9 маусымда сағат 10.00-де КамАЗ және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 34 жастағы "Ауди" жүргізушісі мен оның 56 жастағы жолаушысы оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысының Мартық ауданы Хлебодаровка ауылында Ақтөбе - Орынбор тас жолының 31-ші шақырымында 9 маусымда сағат 15.20-да "ВАЗ" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты.

Жол апатының салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, екінші көліктің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны