16.06.2008, 10:23 1258

Қарағанды және Қостанай облыстарында өрттен екі адам қаза тапты

Қарағанды және Қостанай облыстарында өрттен екі адам қаза тапты

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды және Қостанай облыстарында өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 15 маусымда 06 сағат 53 минутта Қарағанды облысының Балхаш қаласында 5 қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде 36 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 08 сағат 26 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 арнаулы техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, 15 маусымда 05 сағат 05 минутта Қостанай облысының Жітіқара ауылында жұмыс істемейтін "Гелиос" жанармай тарату бекетінің аумағында өрт шықты. Өрт салдарынан күзетші қаза тапты. Өрт 07 сағат 18 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 арнаулы техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны