30.12.2008, 10:06 1720

Қарағанды және Қостанай облыстарында жол апатынан жеті адам қаза тауып, біреуі жараланды

Қарағанды және Қостанай облыстарында жол апатынан жеті адам қаза тауып, біреуі жараланды

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қарағанды және Қостанай облыстарында жол апатынан жеті адам қаза тауып, біреуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қызылорда - Павлодар тас жолының 776-шы шақырымында 28 желтоқсанда сағат 18.30-да 41 жастағы КамАЗ жүргізушісі "Мерседес" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан 38 жастағы "Мерседес" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқыс оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен бірге, тағы бір жол апаты Қостанай облысында Екатеринбург - Алматы тас жолының 561-ші шақырымында болды. ТЖМ хабарына сәйкес, 28 желтоқсанда сағат 18.30-да "Ауди", "Газель" және ВАЗ көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан ВАЗ көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы: 47 жастағы ер адам, сондай-ақ, 49 жастағы "Ауди" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, "Ауди" көлігінде отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны