22.02.2007, 11:03 2745

Қарағанды және Павлодар облыстарында бес адам үсіп өлді

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды және Павлодар облыстарында бес адам үсіп өлді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Қарағанды облысында Үлгі-Үміткер бағытындағы тас жолдың 6-шы шақырымында сәрсенбі күні жергілікті тұрғындар "УАЗ" автокөлігінің жанынан үсіп өлген 46 және 17 жастағы екі ер адамның мәйітін тапты. Мекеменің ақпаратына сәйкес, олар осыдан бір күн бұрын Үлгі елдімекемінен Үміткерге қарай шыққан.

Құтқарушылар Павлодар облысының Баянауыл ауданында тағы да үсіп өлген үш адамның мәйітін тапты. "Күн райының күрт суытқанына және ескертулерге қарамастан, жүргізуші мен екі жолаушы 19-ақпанда "ВАЗ" автокөлігімен "ЦЭС" ауылынан "Сұлужон" ауылына қарай шыққан",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 20-ақпанда құтқарушылар "ВАЗ" жүргізушісі автокөлігінің жанында үсіп өлген жерінен, ал келесі күні екі жолаушыны да суықтан үсіп өлген жерлерінен тауып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны