24.09.2009, 09:52 1536

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында минус 3 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында минус 3 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында минус 3 градусқа дейін қатқақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан аумағының солтүстік жартысы циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Республиканың оңтүстік жартысындағы ауаны жоғары атмосфералық қысым аймағы қалыптастырады. Түнде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде Цельсий өлшемі бойынша 0 - минус 3 градусқа дейін қатқақ болады.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Алматы облысының жалаңашкөл маңында оңтүстік-шығыстан секундына 15 - 20 метрге дейін жел соғады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "республиканың батысы мен оңтүстігінде 5 класс бойынша өрт қауіпсіздігі сақталды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны